Кәсіподаққа жаңа төраға сайланды

10.11.2016
594 просмотров

   Атырау мұнай өңдеу зауытының есептік-сайлау конференциясы шақырылып, оған кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен сайланған 85 делегат қатысты. Алдымен конференцияның президиумы сайланды. Оның құрамына «Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғ.Амантурлин, «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы К.Шахметов, зауыт кәсіподағы комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Қ.Қабденов және мұнайды өңдеу өнідірісінің бастығы В.Гацко ұсынылды. Конференция хатшысы болып С.Шапабаева сайланды.

Конференция күн тәртібіне екі мәселе шығарылды:

1.     2016 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша Кәсіподақ комитеті жұмысының есебі.

2.     Зауыт кәсіподағы төрағасын сайлау.

  Бірінші мәселе бойынша зауыт кәсіподағы комитетінің төрағасы Кенжебек Шахметов баяндама жасады. Ол жыл басынан бері кәсіподақ комитеті атқарған жұмыстарға нақты тоқталып, бөлінген қаржының есебін берді. Баяндамамадан соң жарыссөзге шыққандар кәсіподақ жұмысына байланысты пікірлерін айтты. Қорытындысында кәсіподақ комитетінің атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық баға берілді. Екінші мәселе бойынша, кәсіподақ комитетіне жаңа басшы сайлау үшін ұсыныстар қабылданды.

Василий Гацко, Мұнай өңдеу өндірісінің бастығы:

-         Біздің өндіріс бұрынғы ірі цехтарды біріктіреді. Үлкен ұжым. Сондықтан біз конференция алдында кәсіподақ комитетін басқаруға бірнеше кандидатураларды талқыладық. Әрине, қызу пікірталастар болды. Соның ішінде Қанат Қабденовтің кандидатурасына тоқталдық. Ол сонау 70-ші жылдары осы зауыттың өндірісінде еңбек жолын бастаған. Одан кейінгі кәсіпорындағы қызметтік лауазымдары әлеуметтік саламен тығыз байланысты. Сондай-ақ, қалалық атқару комитетінде мемлекеттік қызмет сатысынан өткен. Жұмысшылардың жағдайын өте жетік біледі. Сондықтан біздің мүддемізді қорғайтын, еңбеккерлердің бастамасын қолдайтын азамат ретінде Қ.Қабденовтің кандитатурасын өндіріс атынан зауыт кәсіподақ төрағалығына ұсынамыз.        

 

   Конференция делегаттары Қанат Қабденовтің кандидатурасын ашық дауысқа салып, бірауыздан қолдап дауыс берді. Конференция соңында «Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Амантурлин жаңа сайланған кәсіподақ төрағасына үлкен сенім артылатынын жеткізіп, кәсіпорынның алда тұрған міндеттеріне тоқталды.   

      

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу