Сайыстың жүлдегері атанды

26.11.2016
582 просмотров

25 қазанда Атырау  облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өзге ұлт жастары арасында «Тіл- халық жанын танудың кілті» атты қазақ тілі білгірлерінің облыстық байқауын өткізді. Байқауға  ірі  кәсіпорын қызметкерлері, жоғары оқу орындарының және колледж студенттерінен 10 үміткер қатысты. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген өзге ұлт жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру. 

Байқау үш аталымға бөліп өткізілген болатын. Бірінші аталым бойынша, ұсынылған тақырыпқа әңгіме құру, тақырыптың мазмұнын ашу. Екінші аталым жазбаша және ауызшаға бөлініп: қазақ тілінде эссе жазу және ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрайды. Үшінші аталым бойынша «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы, қазақтың халық немесе заманауи әнін орындау, би, күй немесе театрландырылған интерпретациядағы қазақ тіліндегі көркем шығарма үзіндісінің қойылымы.  Байқаудың үздіктері тілді меңгеру деңгейі мен жазу сауаттылығына және сөйлеуіне байланысты анықталды.

    Байқауға Атырау мұнай өңдеу зауыты жастарының атынан  мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің қызметкері жас маман Роман Шпак бақ сынап,  байқау қорытындысы бойынша жүлделі  ІІ-ші орын иеленді. Роман өзін қазақ тілінің нағыз білгірі екенін көрсетіп таңқалдырды. Ол байқау барысында қойылған сұрақтарға толық және еркін де дұрыс жауап беруімен көзге түсті.

    Зауытымыздың абыройын асқақтатқан Романды жеңісімен құттықтап, еңбегіне жеміс тілейміз! Р.Шпакты байқауға даярлаған қазақ тілінің оқытушысы Ғалия Исмурзинаға алғысымызды білдіріп, алда шығармашылық табыс тілейміз!

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу