Діни сауатсыздық – экстремизм бастауы

20.10.2016
744 просмотров

Исламның теріс ағымдар мен радикалды экстремизмен айырмашылығы. Дінді жамылып халықты адастыратын жалған ұйымдардан сақтандыру. Осыған байланысты «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының төрағасы, теолог Қанат Жұмағұл, облыстық Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Мейрам Қиқымбаев, Атырау қалалық прокуратурасының прокуроры Ерлан Кәкиев зауыттықтармен дін саласындағы ақпараттық-ағарту бойынша келелі кездесу өткізді.

Алдымен сөз алған облыстық Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Мейрам Қиқымбаев осыдан үш жыл бұрын сот шешімімен Қазақстанда тиым саланған халықаралық «Таблиғи жамағат» миссионерлік ұйымының экстрмистік әрекеттері туралы айтып берді. «-Бұрын бұл ұйым әрбір үйдің есігін қағып өз идеяларын хақ исламмен астастырып насихаттап келді. Бір қарағанда бейбітшіл көрінетін ұйымның астарында дінді теріс ағымға бұру, азаматтарды лаңкестікке үндеу жатыр. Сондықтан деструктивті діни ұйымдардың қатарына жатады. Теологиялық жағынан аталған діни ұйым исламның сунниттік бағытын ұстанғанымен, бірқатар қағидаларына қайшы және радикалдық тұрғыдан уахабизмге жақын келеді. Бұл ұйым өзге діндердің ғана емес, исламның басқа тармақтарының өмір сүруіне қарсы болу арқылы, діншілік әрі дінаралық қақтығыстардың туындауына себепкер болып жүр». Діни ұйымның іс-әрекеті заңды түрде түрде тоқтатылғанымен, оны насихаттаушылар әлі де бар екен. Ол туралы Атырау қалалық прокуратурасының прокуроры Ерлан Кәкиев баяндап берді. Бүгінде теріс діни ағымдарға бұратын ұйым немесе жекелеген адамдар бақылауға алынған. Сондықтан кез-келген жерде ислам дінін басқа бағытта насихаттауды түсінгендер болса, заң органдарына хабарлаулары сұралды. Бүгінде балалары немесе туыстары намазға жығылып, мешітке баратындардан жұрт қорқатын болған. «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы қоғамдық қорының төрағасы, теолог Қанат Жұмағұл бұл тұрғыда тұщымды түсінік берді. Егер осындай қауіптенгенгендер болса Орталыққа жолығуларын сұрады. Сол жерде теологтар дінге бет бұрған азаматпен арнайы әңгімелесу арқылы ұстанған бағытының дұрсыс-бұрыстығын айқындайды. Кездесу барысында зауыттықтар да өз тарапынан дін мәселесінде толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу