Владимир Гафнерді еске алуға арналған футбол турнирі өтті

17.10.2016
1547 просмотров

18 қазанда мұнай өңдеу саласының ардагері, Атырау мұнай өңдеу зауытында Тәуелсіздік жылдары бірінші басшы болған, Владимир Гафнердің туғанына 70 жыл толар еді. Ол жиырма үш жыл зауытты басқарып, жұмысшылар ықыласына бөленді, мінсіз қызметі мұнайшылардың арасында шынайы құрметке ие болды. Оны еске алуға арналған ардагерлер арасындағы футбол біріншілігі «Ривьера» спорт кешенінде екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Футбол біріншілігінің ашылу салтанатын ашқан зауыт бас директорының орынбасары- бас инженер Денис Козырев қатысушыларға сәттілік тілеп, ойыншыларға алғысын жеткізді. Кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Қабденов білікті басшының спортқа жанашырлығы мен ардагерлерге құрметі жөнінде толғаныспен естелігін айтты. Владимир Гафнер Түмен Индустриалды институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Гурьев мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған, зауыт директоры дәрежесіне дейін көтерілген маман. Ол-зауытты 1986-1999 жж. аралығында, ауыр жылдары басқарды. Бірақ өндіріс тұралаған жоқ. Оның дамуына үлкен үлесін қосты. Тәжірибелі басшы ұйымдастыру қабілетінің жоғары екендігін көрсетіп, қиын жағдайдан шығу жолдарын тапты. Владимир Гафнердің еңбегі еленіп «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қазақстан және Ресейдің құрмет грамоталарын иеленген. Сайысқа "Атырау ардагерлері", "Каспий", "Мелиоратор" және "Атырау мұнай өңдеу зауыты" командалары қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ойыншылар шебер ойын көрсетті. Жарысты тамашалауға ардагердің үзеңгілес достары, зейнеткер ардагерлер келді. Жарыс қорытындысында «Каспий» командасы бірінші орынды, Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлері 2 орын, «Атырау» командасы 3 орын иеленді. Командалар мен футболшылар естелік сыйлықтармен мараппатталды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу