Байқау жалғасуда

04.10.2016
1379 просмотров
Бүгін, 4 қазанда «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің базасында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының жұмысшы мамандары арасында «Үздік маман-2016» байқауының финалдық кезеңі жалғасын тапты.  
Байқауға Атырау мұнай өңдеу зауыты, Павлодар мұнайхимия зауыты мен «ПКОП» ЖШС-нен 20 маман қатысуда. Бүгін еңбек өтілі 3 жылдан асқан химиялық сараптама лаборанттары, технологиялық қондырғылар және технологиялық сорғылар операторлары мен технологиялық компрессорлар машинистері тәжірибелік тапсырмаларды орындады.  Сайыс орталық зауыт зертханасында, РХ ПАУ алаңының бірыңғай операторлар ғимаратында және техникалық азот өндірісі қондырғысында өткізілді.    

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу