Экологиялық ахуал ақпараты

23.09.2016
669 просмотров

(2016 жылдың 15 қыркүйек пен 21 қыркүйек аралығы)

   Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 103 100 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 51 907 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 23 406 м3, яғни, 29,77% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 437 зерттеу, айналма сулардың сапасына 100, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен  өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 283 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 289 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 36 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың  шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу