Зауыт спортшылары ұлықталды

20.09.2016
754 просмотров

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнінде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының тұңғыш біріктіріліп өткізілген Астанадағы спорттық Спартакиадасында «ҚазМұнайГаз-Өңдеу-маркетинг» АҚ қарасты мекемелердің спортшылары қанжығысына 8 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль салған болатын. Солардың ішінде жеке сайыста 2 алтын, командалық жарыста 1 алтын, 1 күміс жүлдені Атырау мұнай өңдеу зауытының сайыпқырандары алып берді. Осынау жетістікке жеткен спортшыларымызды зауыт басшылығы қабылдап, құрмет көрсетті.

Спортшыларды қабылдаған зауыт Бас директорының орынбасары -бас инженер Денис Козырев Астана Спартакиадасына қатысып, жүлделі оралған зауыттықтарға Бас директор Қайрат Оразбаевтың атынан алғысын білдірді.
«- Спорттық сайыс аяқталған соң, «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ аға вице-президенті Данияр Тиесов Атырау мұнай өңдеу зауытының спортшыларының сайыста табандылығына, жеңіске деген құштарлығына сүйсініп, ризашылығын білдірді. Спортшыларымызды мақтады. Бізде Сіздермен мақтанамыз! Зауыт басшылығы спортшылардың дайындығына бұрын да көңіл бөлген, алда да назар салатын болады. Және зауытішілік спорттық сайыстарды жиі өткізіп, жаңа спортшыларды тартуға күш саламыз!»-деп атап өтті.
     Спартакиада қорытындысымен «ҚазМұнайГаз» ҰК президенті Сауат Мыңбаев арнайы бұйрық шығарып, барлық қатысушыларға алғыс жариялаған. Осы бұйрықта президент үздік спортшыларды компаниялар тобына кіретін мекемелердің ақшалай ынталандыруын ұсынған екен. Зауыт басшылығы осыған орай арнайы шешіммен сайыскерлерімізді  осы қабылдауда ақшалай сыйлықтармен марапаттады.          

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу