Құрметті зауыттықтар, қадірменді ардагерлер!

26.08.2016
733 просмотров

«Атырау МӨЗ» ЖШС Басқармасы мен ұжымы атынан Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнімен шын жүректен құттықтаймын!    

Ата Заңымыз жаңа Қазақстанның берік те сенімді тірегіне айналды. Тиімді құқықтық жүйенің арқасында біздің мемлекетіміз жоғары экономикалық дамуды еңсерді, қоғамдық, тұрмыстық әл-ауқатымыз артып, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім салтанат құрды. Бүгінде біз 2050 жылға дейінгі арналған ұзақ мерзімді даму Стратегиясы бағытында жұмыстанып келеміз. Оның басты мақсаты- әлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан ойып тұрып орын алу. Біз оған бірлікте, өзара түсіністік пен Конституция айқындап берген заңдық нормаларды сақтау арқылы жетеміз.
    Сіздерге және отбасыларыңызға бақ-береке, бірлік және сәттілік тілеймін!       

«Атырау МӨЗ» ЖШС
Басқарма Төрағасы,
Бас директоры                                                                                                                Қайрат Оразбаев

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу