Экологиялық ахуал ақпараты (2016 жылдың 28 шілде мен 03тамыз аралығы)

04.08.2016
676 просмотров
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 111 000 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ.
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 111 000 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 58 493 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 17 581 м3, яғни, 23,0% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 396 зерттеу, айналма сулардың сапасына 85, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 324 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 793 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу