Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Компания туралы
Компания туралы
Компания басшылары
Тарих
Экология және қауіпсіздік
Сапа, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат
Қоршаған ортаны қорғау
Энергия тиімділігі бағдарламасы
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары
Парниктік газдардың атмосфераға шығарындылары
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару
Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Өндірістік экологиялық мониторинг
Компанияның жеке (өндірістік) қажеттіліктеріне су тұтыну және су бұру
Еңбекті қорғау
Өрт қауіпсіздігі
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
TAZALYQ жобасы
Өнім
Өндіріс
Жалпы өсімдік шаруашылығы
Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені
Гидрогенизациялық процестер өндірісі
Мұнайды терең өңдеу өндірісі
Мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірістік нысаны
ПКИС
ППНГО
Жылу және электр энергиясы өндірісі
Зауыттың орталық зертханасы
ГТЭС
ISO
Мақсаттары мен міндеттері
«АМӨЗ» ЖШС-нің саясаты
Сертификаттар
Әлеуметтік сала
Тұрғын үй құрылысы
Медицина орталық
Медициналық сақтандыру бағдарламасы
Балалар демалысы
Оқыту
Асханалар
Ардагерлерге қамқорлық
Тарих және еңбек даңқтары залы
Техникалық кітапхана
Мәдени-көпшілік шара
Әлеуметтік қолдау
Спорттық жұмыс
Активтер
Сатып алулар
Жылдық сатып алулар жоспары
Ұзақ мерзімді
сатып алулар жоспары
Нормативтік құжаттар
Қосымша ақпараттар
Мұрағат
Сатып алулар
Модернизациялау
«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру
«Хош иісті көмірсутектерді өндіру кешені» жобасын іске асыру
Идеялар банкі
Блог
Жазбаша өтініштер
Компания туралы
Бос орындар
Баспасөз орталығы
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Негізгі
Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
«Ұлы дала баласы» -Атырау мұнай өңдеу зауытында
«Ұлы дала баласы» -Атырау мұнай өңдеу зауытында
20.07.2016
1486 просмотров
«Ұлы дала баласы» реалти-шоуының Атыраудағы кезекті түсірілімі Атырау мұнай өңдеу зауытында жалғасты. Танымал әнші Төреғали Төреәлімен бірге келген белгілі тележүргізуші Бисен Құранбек зауыттың қайта жаңғырту нысандары мен өндірістік цехтарында болып, кәсіпорын жұмысымен танысты. Енді жүргізушілер жоба арқылы Атырау мұнай зауытын бүкіл елге танытпақ.
Өткен айда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы өз көрермендеріне жаңа реалити-шоудың шығатынын хабарлаған болатын. «Ұлы дала баласы» атты жобаның басты кейіпкері - әнші Төреғали Төреәлі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 100 нақты қадам - Ұлт жоспары мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды насихаттау және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қолға алынған тележобаның түсірілім жұмыстары еліміздің 9 қаласында жүргізілу межеленген болатын. Жобада әр аймақтың өз ерекшелігі, кәсібі мен тұрғындарының көңіл-күйі назарға алынады. Соның Атырау қаласындағы түсірілімі бекіре тұқымдас балық зауытында, мұнайшылар династиясы отбасында және Атырау мұнай өңдеу зауытында жалғасты. Жобаны түсірушілер зауытқа келген сапарында 70 жылдық тарихы бар кәсіпорынды арнайы таңдап алғандарын тілге тиек етті. Себебі, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жаңа заман талабына бейімделіп, отандық экономиканың дамуына қомақты үлес қосқан, ұжымы ұйысқан зауытты күллі Қазақстанға таныту мақсат етіп қойылыпты.
Атап айтқанда, зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігі, қайта жаңғыртулар жобаның басты тақырыбы. Сон- дай-ақ, зауыт шығаратын өнімдер- дің сапасы мен оны сараптау және тұтынушыға жөнелтілуі де назарға алынады. Ұлттық жобаны жасақта- ушылар мұнай өңдеу зауытының осындай қырларын елге таныстыр- мақ. Осылайша кәсіпорынның ел экономикасы үшін маңызын паш етпек.
Зауыт басында қонақтарды қарсылап алған күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Кейкин Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысымен таныстырды. Бүгінде кешен басында жұмыстың ауқымды бөлігі аяқталған. Алып құрылысты жүргізіп жатқан қытайлық «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» қазақстандық филиалы, жапондық Марубени және «КазСтройСервис» компаниялары жөнінде түсінік берілді. Сондай-ақ, кешенде пайдаланылатын заманауи технологиялардың ерекшелігі мен қондырғылардың жасалуы, ондағы қазақстандық үлес туралы да кеңінен айтылды. Кешен іске қосылып, жоспарлы қуатына шықса, Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда басқа екі зауытқа қарағанда жоғары октанды бензинді еселеп өндірмек. Жоспарлы 5,5 млн. мұнай өңделген жағдайда зауытта 1 миллион 745 мың тонна автокөлік бензині, 1 миллион 640 мың тонна дизель отыны, 244 мың тонна авиакеросин өндірілмек. Мотор отындарының барлығы да К-5 стандартына сәйкестендіріледі. Одан соң «Ұлы дала баласы» реалти-шоуының кейіпкері Төреғали Төреәлі мен тележүргізуші Бисен Құранбек Орталық зауыт зертханасына ат басын бұрды. Мұнда қонақтарға реагенттердің және газдардың, шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасын бақылау және санитарлық-қорғаныс аймақтарындағы ауаның ластануын, өнеркәсіптік шығарындылар мен ағындыларда ластаушы заттардың жиналуын бақылауды жүзеге асару таныстырылды. Зертханада сапа көрсеткіштерінің 150-ден астам түрі бойынша 30-ға жуық өнім түріне, оның ішінде тіркеу саласы шегіндегі сәйкестікті міндетті немесе еркін қуаттау мақсатында сынақ жүргізу үшін “Оксфорд”, “Перкин-Элмер”, “Метром”, “Меттлер-Толедо” секілді танымал маркалардың қазіргі заманғы аспаптарымен, сондай-ақ, “ISL” фирмасының автоматты жабдықтарымен жарақтандырылғандығы айтылды. Жоба жүргізушілері сынақ орталығындағы реагенттер мен газдар зертханасында түсірілім жасады. Бензин мен дизельді отынын сутекпен тазалау құрамалы қондырғысында болған тележоба өкілдері қондырғы басындағы жұмысшылармен жүздесіп, жұмыс процесімен танысты. Соңынан тележұлдыздар зауыт асханасында жұмысшылармен бірге тамақтанып, әңгімелесіп, естелік суретке түсті. Осы асханада әнші Төреғали Төреәлі зауыттықтардың көңіл күйін көтеріп бір-екі ән салып берді. Атырау мұнай өңдеу зауытын елге танытатын «Ұлы дала баласы» жобасының аймақ туралы шығарылымы «Қазақстан» Ұлттық арнасынан тамыз айының басында эфирден көрсетілмек.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Жаңалықтар
Сурет галереясы
Бейне галереясы
Корпоративтік БАҚ
Барлығы
AMOZ Alemi газеті
Еңбек адамы
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу
Таратуға жазылу
Email
*
Жазылу
Закрыть
Жеке кабинетке кіру
Логин
Құпиясөз
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
немесе
тіркелу
Парольді қалпына келтіру
E-Mail:
*