«Үздік маман» байқауының жеңімпаздары марапатталды

23.06.2016
784 просмотров
23 маусымда Атырау мұнай өңдеу зауытында «Үздік маман» байқауының бірінші турының жеңімпаздары марапатталды.
23 маусымда Атырау мұнай өңдеу зауытында «Үздік маман» байқауының бірінші турының жеңімпаздары марапатталды. Қатысушыларды зауыттың бас директоры-Басқарма төрағасы Қайрат Оразбаев құттықтады: «- Жыл сайын «Үздік маман» сайысына жүздеген зауыттың мамандары қатысады. Байқаудың да ерекшелігі сол, кәсіби мамандар таңдалады. Байқау талай қызметкерлердің мансапты өсуіне баспалдақ болды. Бүгінде өндірістік қызметтер мен техникалық саланы, өндірістік бөлімшелерді, жаңа жобаларды басқарып жүргендер кезіндегі осы байқаудың жеңімпаздары. Рүстем Бисалиев, Денис Козыревтер бүгінде менің орынбасарларым. Василий Гацко Мұнай өңдеу өндірісін басқарады, Дмитрий Макеев МТӨК жобасында басқарушы директордың орынбасары және «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» компаниясының кадрлық резервінде тұр. Олардың бәрі де кезінде операторлықтан жұмысын бастап, осындай байқаулар арқылы кәсіби шыңдалды. Бүгінде басқару ісінде тәжірибелерін көрсетіп келеді.      
    Биыл алғаш рет 3 жылдан артық тәжірибесі бар қызметкерлермен қатар, 30 жасқа келген еңбек өтілі 3 жылға толмаған жас мамандар да қатыстырылып отыр. Олар әсіресе, кәсіби шеберліктерін байқатты.    
    Бұл байқау көптеген мамандарға өздерінің кәсіби қырынан көрсетуге үлкен мүмкіндік берді. Байқауға қатысушылар арасынан теориялық білігін тәжірибемен ұштастыра алған, еңбек қорғау, қауіпсіздік нормалары мен өрт, өнеркісіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны зерделей білетін, интеграциялық менеджмент жүйесін жетік игергендерді қаперге алдық. Сіздер енді зауыттың кадрлық резервіне алындыңыздар.  Барлық қатысушыларға және ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Сіздерге кәсіби өсу мен қажырлы қайрат, бақыт пен береке тілеймін!»
     Қайрат Оразбаев байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдарды табыс етті.  
     Бірінші орын иегерлері «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК еншілес кәсіпорындары арасында өтетін екінші турға жолдама алды.
    

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу