Бензол тиеліп аттануға дайын

22.06.2016
735 просмотров
2016 жылдың 21 маусымында «Атырау МӨЗ» ЖШС «Тазартылған бензол-545» және халықаралық ASTM 4734 - 08 «Тазартылған бензол -545 Техникалық шарттары» сәйкестігі жөнінде сертификат иеленді.
2016 жылдың 21 маусымында «Атырау МӨЗ» ЖШС «Тазартылған бензол-545» және халықаралық ASTM 4734 - 08 «Тазартылған бензол -545 Техникалық шарттары» сәйкестігі жөнінде сертификат иеленді. Сәйкестік сертификатын «Сараптама және сертификация Ұлттық Орталығы» АҚ Атырау филиалы бекітті. Сәйкестік серификатын алу үшін Орталық ауыт зертханасының Сынақ орталығындағы барлық бөлімшелерде сынақ жүргізілді. Әрбір сынақ білікті мамандардың бақылауымен, барлық әдістемліктерді қолдану арқылы жүзеге асырылды. Бензол партиясының сынақ нәтижелерін зауыт өнімінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін дәлелдеді. Оған мұнай өңдеу зауыты ұжымының ерен еңбегі әсер етті. «ОЗЗ» СО бензолдың сапалы тауарлы партиясын алу үшін әрбір үш сағат сайын бензолды сынақтан өткізіп отырады. Сынақ кезінде бензолдың тазалығына, қышқылды шайылым түсіне және платинокобальтты шкаласы түсі көрсеткішітеріне аса мән беріледі. Зертхана тәулігіне екі рет бензолды ASTM D 4734-2008 «Тазартылған безол-545» нормасының стандарттарына сәйкестігін сынайды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу