«Үздік маман» байқауының кәсібилік деңгейі кезеңі аяқталды

14.06.2016
775 просмотров

«АМӨЗ» ЖШС технологиялық өндіріс персоналы арасындағы зауытішілік «Үздік маман» байқауының тестілеу және әңгімелесу кезеңдерінен кейін, кәсібилік деңгейін айқындау бөлімі өз мәресіне жетті.

Бұл байқауда қатысушылар – химиялық сараптау лаборанттары, сорғы қондырғыларының машинистері, компрессорлық қондырғылар операторлары мен технологиялық қондырғылар опраторлары әрқайсысы өз номинациясы (мамандығы) бойынша кәсіби машықтарын көрсетті.   

Кәсіби деңгей байқауы техникалық қауіпсіздігі талаптарға сай қматамасыз етіліп, арнайы жасақталған жұмыс алаңдарында жүргізілді. Байқауға қатысушылар теориялық тұрғыда білімдерін айқын көрсетіп, кәсіби тапсырмаларды орындауда тәжірибелі екендіктерін байқатты. 

Қатысушылардың кәсіби шеберлігін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Қазылар қатысушылардың әрбір қадамын сараптап, берілген тапсырманың кәсіби деңгейде әрі сапалы орындалуына, техникалық қауіпсіздіктің сақталуына назар салды. 

Зауытішілік «Үздік маман» байқауында тәжірибелік тапсырмаларды орындау бойынша қорытындылары шығарылып, барлық номинация бойынша жеңімпаздар анықталатын болады. 

Атап өткен жөн, биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман-2016» байқауының жұмысшы мамандықтарының бизнес бағыттағы «Мұнайды өңдеу және маркетинг» кезеңін өткізуге «Атырау МӨЗ» ЖШС өндірістік базасы таңдалған. Зауытта осыған орай жұмыс алаңдарын талапқа сай жарақтандыру және қондырғылар мен аппараттарды дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу