10 маусым– Қазақстан кәсіподақтары қозғалысының Күні.
Бұл күн барлық еңбек адамының төл мерекесі саналады. Кәсіподақтар — азаматтық қоғамның айнымас құрамдас бөлігі ретінде еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды өз қызметінің ең басты міндеті деп танып, мемлекеттіліктің нығаюна нақты үлесін қосып келеді. Кәсіподақтардың күші – бірлігі мен ынтымағында. Еңбеккерлер ұйымы – тұрақтылықтың тірегі.
Бүгінде кәсіподақтар қатарына әсіресе, жастар көптеп тартылуда. «Атырау МӨЗ» ЖШС барлық кәсіподақ мүшелерін Қазақстанның Кәсіподақтар Күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, ізгіліктер, кәсіподақ қатарының бірлігін, еңбек адамның игілігіне алда да да жемісті жұмыстар мен ілгерілеулер тілейміз! «Атырау МӨЗ» ЖШС Кәсіподақ комитетінің төрағасы Кенжебек Шахметов
Назад к списку новостей