Экологиялық ахуал ақпараты (2016 жылдың 2 маусым мен 8 маусым аралығы)

08.06.2016
1316 просмотров
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 100 500 м3 құрады.

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 100 500 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 55 998 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 22,17% тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 435 зерттеу, айналма сулардың сапасына 106, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 303 зерттеу жүргізілді. 

Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 850 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 36 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу