Елбасы Жолдауында көрсетілгендей бұқаралық спортты дамыту мақсатында Алматы қаласындағы «Ақ Бұлақ» спорттық-сауықтыру орталығында 3-4 маусымда мұнайгаз саласы қызметкерлері арасында дәстүрлі спорттық сайыс өтті.
«ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ басшылығы бұқаралық спортты дамытуға атсалыса отырып, қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлесін қосып келеді. Биыл «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ бас директорының жүлдесі үшін спартакиада 6-шы рет өткізіліп отыр. Ол еңбек ұжымдарының тек кәсіби тұрғыда ғана емес, спорттық сайыстардың да сайыпқыраны болуының дәлелі.
Спорттық сайыс «ҚазМұнайГаз-өңдеу- маркетинг» АҚ қарасты мекемелердің атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Ақтау пластикалық масса зауыты» ЖШС, «Karagandy CCI The Rompetrol Group N.V.» ЖШС, «ПетроКазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «ҚазМұнайГаз-АЭРО» ЖШС, «Атырау МӨЗ» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС 250 қызметкерін бір алаңға жинады. Спартакиада бағдарламасына сәйкес қатысушылар 11 спорт түрі бойынша: футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жүгіру, теннис, бильярд, кір тасын көтеру және стол теннисінен бақ сынасты.
Бұған дейін төрт дүркін жеңімпаз болған Атырау мұнай өңдеу зауытының командасы спорттық сайыс барысында жеңіске деген құлшыныс танытты. Біздің спортшыларымыз командалық құрамда және жекелей жарыста барын салып, қорытындысында үшінші жүлделі орынды иеленді.
Спартакиададағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Үлкен теннис, 1 орын - Ирина Яшкова, МӨӨ технологиялық қондырғы операторы; Стол теннисі – 1 орын – Альбина Қуанышева, «ОЗЗ» СО химиялық сараптама лаборанты; Кір тасын көтеру спорт – 1 орын – Герман Морозов, МӨӨ технологиялық сорғылар машинисі; Дойбы – 1 орын - Анар Құмарова, Орталық аппарат экономисі; Тоғызкұмалақ – 1 орын – Болат Жұмабеков, МӨӨ машинисі; Шахмат – 2 орын - Гүлнұр Төлеуова, СҚӨ қызметкері; Дойбы – 2 орын - Ильяс Қалмұрзиев, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС электргаздәнекерлеушісі; Стол теннисі – 3 орын - Айбек Қайыралиев, МӨӨ технологиялық қондырғысының операторы; Үлкен теннис – 3 орын – Бақытжан Жәрдемов, МТӨК қызметкері; Тоғызқұмалақ – 3 орын – Анар Құмарова, Орталық аппарат экономисі. Командалық ойындар бойынша: Кіші – футбол – 2 орын; Баскетбол – 2 орын; Волейбол ( әйелдер) – 3 орын; Аралас эстафета – 3 орын; Бильярд – 3 орын.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, жаңа жеңістер тілейміз!
Назад к списку новостей