Үздік маман үшін бақ сынады

17.06.2016
714 просмотров
Үздік маман үшін бақ сынады
«Үздік маман» байқауының кезекті туры-әңгімелесу өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде байқауға қатысушылардың теориялық дайындығы мықты екендігі байқалды.
Атап өткен жөн, биылғы қатысушылардың біліктілігі мен дайындығы алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Әсіресе «Химиялық сараптама лаборанты» мен «Технологиялық компрессор машинисі» номинациясына үміткерлердің белсенділігі артып тұр. Байқауға қатысушылар тек өндірістік технологиялар саласында ғана емес, қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау, табиғат пайдалану, менедменттің интеграциялық жүйесі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өнеркәсіптік санитарияда бақ сынауда. Еңбек өтілі 3 жылға толмаған, байқауға алғаш қатысып жатқан жас мамандардың теориялық біліктілігі, өндірісте бірнеше жыл еңбек еткен сақа мамандардан кем түсіп жатқан жоқ. Байқауға қатысушыларға жыл сайын талап күшейтіліп келеді. Соған қарамастан қатысушылардың саны кеміген емес. Бұл өндірісті дамытудағы ең үлкен жетістік.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу