Экологиялық ахуал ақпараты (2016 жылдың 26 мамыры мен 01 маусым аралығы)

02.06.2016
1270 просмотров
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 103 400 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ.

Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 55 719 м3 құрады. Қайтара тұтынуға 14 842 м3 тазартылған су жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 415 зерттеу, айналма сулардың сапасына 101, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 287 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 648 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 36 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу