Құрметті Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлері!

25.05.2016
691 просмотров

Зауыт Басқармасы мен ұжымы атынан «Ардагер» клубының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймыз!

Зауыт Басқармасы мен ұжымы атынан «Ардагер» клубының құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтаймыз!

Сонау 1991 жылы еліміз үшін ауыр кезеңде құрылған «Ардагер» клубы зауыттың барлық зейнеткерлеріне үлкен қолдау мен сүйеніш болды. Азық-түліктердің жетіспеуі мен белең алған тапшылық әсіресе, халықтың қорғалмаған бөлігіне соның ішінде зейнеткерлерге оңай болған жоқ. Барлық кезеңде де зауыт басшылығы мен ұжымы өз ардагерлеріне моральдық және материалдық қолдау көрсетіп келеді. Сіздер кәсіпорынның өркендеуіне аянбай өз үлестеріңізді қостыңыздар, адал еңбек етіп бізге үлгі көрсеттіңіздер. Зауыт Сіздер үшін екінші үйлеріңізге айналды. Бүгінде Сіздер салған сара жолды ұрпақтарыңыз бен шәкірттеріңіз абыроймен жалғастыруда. 

Біз Сіздермен мақтанамыз! Бізге қашанда үміт артуларыңызға болады, оны сенімді түрде ақтаймыз.  

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, көрер қуаныштарыңыз молынан болсын деп тілейміз!

«Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры-
Басқарма төрағасы Қайрат Оразбаев

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу