Жұмысшыларға жайлы жағдай

17.05.2016
1355 просмотров

Кең де жайлы, терезесі қабырғаны алып жатқан бөлме. Түскен күн сәулесі бөлмені ажарландыра түседі. Бұл – ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының қызметкерлеріне арналған тұрмыстық жайы. Ол бірінші қабатта бұрынғы асхананың орнына жасақталған. Әлеуметтік нысанды қайта құрастыру шешімі зауыт басшылығының қызметкерлердің еңбегіне жайлы жағдай туғызу мақсатында туындаған.

 Қайта жасақтау жобасында барлық ұсақ-түйекке дейін назарға алынған. Барлық жұмысты сол кездегі ППНГО бастығының техникалық мәселелер жөніндегі орынбасары, бүгінде сервистік қызмет өндірісінің бастығы Салават Бисалиев жетекшілік етті. Жөндеу жұмыстарын «Инжпромкомпани» ЖШС жүргізді. 

- Жұмыс көлемі ауқымды болғандықтан жөндеу жұмыстары жарты жылдай уақыт алды,-дейді ЭЛОУ – АВТ -3 қондырғысының механигі Михаил Калмыков. – Тұрмыстық жайда төбесі қайта жасалып, электр энергиясы жүргізілді, қабырғаларына жаңа кафель төселді. Сонымен қатар бір мезгілде төменгі қабатта жуынатын бөлмелер жөнделді. Кәріз және су желілері жүргізілді. Барлық жұмыс қондырғы бастығы Марта Теміралиеваның бақылауымен жүзеге асырылды.   

- Тұрмыстық жай 60 адамға арналған. Әрбір адамның жеке заттары мен киім-кешегін қоятын шкафтары бар. Барлық шкафтар өртке қауіпсіз металдан жасалған. Бір сөзбен айтқанда, жұмысшыларға алаңсыз еңбек етуі үшін барлық жағдай жасалған,-дейді ППНГО бастығының бірінші өңдеу процесі бойынша орынбасары Құсайын Орынбасаров. - Әрине, мұнда біз тәртіп пен тазалықты сақтауға талап қоямыз. Әрбір қызметкер зауыт мүлкіне мұқият болуы тиіс.   

Жаңа жуынатын орында 8 душ бөлмесі бар. Мұнда бір бригада кезек күтпестен жуына алады.   

Жәнібек Қайбуллин ЭЛОУ – АВТ -3 қондырғысының бірінші өңдеу процесінде оператор болып қызмет етеді. Еңбек етуге жағдай жасалғанын қуана айтып берді: «Тұрмыстық жайымыз кең де жарық. Әрқайсымыздың өз алдымызға бөлек шкафымыз бар. Әсіресе суға түсетін орнымыз кең. Бұрынғыдай төрт кабина емес, сегіз кабина бар. Зауыт басшылығына осындай жағдай жасап отырғандары үшін алғысымызды айтамыз. Бұл біздің еңбек өнімділігін арттыруға серпін береді».

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу