Технологиялық қондырғыларда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

16.05.2016
1367 просмотров

Мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының көктемгі маусымында нысандарды энергетикалық қамтамасыз ету жұмысы қарқын алды. «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» ҚФ нысандарында, атап айтқанда, технологиялық қондырғылар мен жалпызауыттық нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстарымен қатар темірмыс жолақтарын төсеу, шамдарды монтаждау мен жоғары кернеулі ток қуатын жүргізу аяқталу сатысында.

МТӨК (SEG) құрылысы бөлімінің энергетика жөніндегі маманы Асанәлі Камаловтың айтуынша, кешеннің 3202, 3205, 3212, 3219, 3232, 3301, 3402 титулдарында темірмыс жолағын төсеу жұмыстары толықтай аяқталған. Ал, 3224/1 титулында шамдарды монтаждау мен 380V кернеулі розеткаларды және электржылыту құрылғыларын монтаждау мәресіне жетті. 3224/2 титулында күштік кабельдерді уақытша қауіпсіздендіру, шамдар мен қосып-ажырату, жарық панельдерін, электрқозғағыштар мен электржылыту құрылғыларын монтаждау толықтай бітті.   

ЦРП және ТП 1018 титулында 6 кВ ЗРУ–на тіреуіштер мен сөрелерді монтаждау, жарықты және 6 кВ шкафтарын монтаждау, ішкі электр тізбегінің бір ұшын жерге қосу, жедел кабельдерді орнату мен тығыздау, ток трансформаторлары мен ажыратқыштарды, жоғары кернеулі қосқыштарды орнату жүргізілуде. Жұмысты субмердігер «Dalaro Service» компаниясы жүргізуде. Оған 22 маман тартылған.

Сондай-ақ, 3211, 3210, 3201, 3208, 3401 титулдарында электр тізбегінің бір ұшын жерге қосу жұмысының 90 пайызы аяқталған. Бүгінде аталған титулдарда жарықты монтаждау мен тіреуіштер, сөрелерді монтаждау басталды. Технологиялық қондырғыларды энергетикалық қамтмасыз етуде 3203 титулында күштік құрылғы –подстанцияларды орнату жүргізілуде. Бүгінге дейін «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» 3203 титулына 30 подстанцияны әкеліп, 27-сін монтаждады.   

Жалпы энергетикалық қамту жұмысына бас мердігер «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» қоса «Dalaro Service», «АлмаКүн», «Bereke Service», “Еламан Ойл», «West ЭнергоСервис» компаниялары тартылған. Мұнда барлығы 90 маман жұмыс істеуде.

МТӨК (SEG) құрылысы бөлімінің энергетика жөніндегі маманы Асанәлі Камаловтың айтуынша, мердігер «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» ҚФ кешенде жүргізіп жатқан барлық құрылыс нысандарында жұмыс тоқтаусыз жалғасуда. Күн сайын басшылық құрылыстың жүру барысын саралап, түйінді мәселелер талқыланып, шешіліп отырады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу