Ардагерлер ұлықталды

12.05.2016
1369 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауыты тек өз ардагерлеріне ғана емес, облыс пен Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан майдангерлерге де құрмет көрсетіп келеді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты тек өз ардагерлеріне ғана емес, облыс пен Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан майдангерлерге де құрмет көрсетіп келеді. Зауыт ұжымы Жеңіс Күнінде 15 соғыс және тыл ардагеріне, Атырау қаласының құрметті азаматтарын ұлықтады. Ардагерлер зауыт тарапынан көрсетілген сый-сияпатқа ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 

                                                                          ************************************

Жеңіс мейрамында зауытта қызмет еткен майдангерлердің жесірлері де ұлықталды. Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы атынан соғыс ардагерлерінің 18 жесіріне арнайы құрмет көрсетілді. Бұлардың жұбайлары қан майданнан оралысымен Атырау мұнай өңдеу зауытында еңбек етіп, кәсіпорынның өркендеуіне үлес қосқан жандар. Өкінішке орай, ардагерлер арамызда жоқ. Олардың ісін бүгінде зауытта балалары мен немерелері жалғастырып жатыр.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу