«Мәңгілік алау» басындағы тағзым

12.05.2016
652 просмотров

Ұлы Жеңіске -71 жыл. 

Атырау аймағында Жеңіс күні өзіне тән ерекшелігімен атап өтілді. «Мәңгілік алау» басына жиналған жұртшылық жеңістің жетпіс бір жылдығын тебірене қарсы алды. Атыраулықтар Жеңіс саябағында соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті. Неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте майдан даласындағы батырлар мен мен қатар тылдағы мыңдаған еңбеккерлер жеңіске үлес қосты. «Мәңгілік алауға» ардагерлермен бірге алғашқылардың бірі болып Атырау облысының әкімі Асқар Ноғаев гүл шоқтарын қойды.   

«Ұлы Жеңіс күні-біз үшін қастерлі мереке! Біз бүгінгідей бейбіт күн үшін қанын төгіп, жанын берген әке-аталарымыздың алдында тағзым етеміз. Сондықтан еліміздегі бейбіт өмірдің қадірін біліп, оны сақтауға тиіспіз. Жауынгер ата-бабалардың майдандағы көрсеткен ерліктері мәңгілік ұмытылмайды. Әрқашан бейбітшілік пен келісім болсын, барлығыңызға денсаулық, бақыт тілеймін!», - деді облыс әкімі.

Атыраулықтар қанды соғыста Мәскеу, Ленинград пен Украина мен Беларус жерлерін, Еуропаны азат етуде ерекше ерлік көрсетті. Жеңіс күні көзі тірі ардагерлер мен қатар тыл еңбекккерлері, зейнеткерлер, облыстағы мекеме, ұйымдар – «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Солардың қатарында Атырау мұнай өңдеу зауытының еңбек ұжымы да бар. Зауыт ұжымының тағзым колоннасын кәсіпорынның басшысы Қайрат Оразбаев бастап жүрді. Зауыттықтардың соғыс ардагерлеріне деген ықыласы ерекше. Соғыстың соңғы жылдары барлық қиындықтарға қарамастан ардагерлер зауытты салды. Бейбіт өмірде бар ғұмырын осы кәсіпорынның гүлденуіне жұмсады. Бүгінде аға ұрпақтың ісін кейінгі буын сабақтастырып жалғап жатыр. Бұл күні зұлмат соғыста қаза тапқан, соғыстан кейінгі өмірде кеңестің қайнаған қазанында еңбегімен ерекшеленген аталарының суреттерін ұстап шыққан тұрғындар да көп болды. Олар өз ата-бабаларын мақтаныш етіп, жас ұрпаққа ерліктерін жеткізу міндетіміз десті. «Мәңгілік алау» алдындағы салтанатты шараға күштік құрылымдар мен әскери бөлімдердің сарбаздары, сонымен қатар саптағы жауынгерлер толық қатысты. Салтанаттық шара патриоттық әндерге ұласып, жастар театрландырылған қойылым ұсынды. Бейбітшілікті насихаттайтын көрініс жүректі тербеді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу