Ұлттық бірлігіміз- Тәуелсіздік тұғыры

11.05.2016
653 просмотров

Атырау облысының әкімі Асқар Ноғаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, облыс, қала прокурорлары зауыттықтармен кездесті. 

Келелі шарадағы басты тақырып- тәуелсіздік, бейбітшілік, ұлтаралық достық маңызы мен Елбасының «100 қадам» Ұлттық жоспарын талқылау. Кездесуді Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қайрат Оразбаев жүргізіп отырды. 

Алдымен сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев зауыттағы үшінші жаңғырту – Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының жоғары дәрежеде жүргізіліп жатқанын тілге тиек етіп, зауыттықтардың еңбегін бағалап, ризашылығын жеткізді. Көпұлтты зауыт ұжымына алдағы белестерде биіктен көрінуге тілектестігін білдірді.  

Одан кейін мінберге шыққан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов,Тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдан бері Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктеріне тоқталды. «-... «Ырыс алды-ынтымақ», еліміз Тәуелсіздік алғанда осы қағыиданы ұстанды. Ол жылдары әлемдік қауымдастықта дұрыс орын алу өте қиын еді. Себебі, Қазақстанды, қазақ елін ешқандай ел білген жоқ. Алдымен біз ұлт бірлігіне сүйеніп жұмыстандық. Ол қазақ жерін мекен еткен, ¬отауы бөлек болғанымен, Отаны бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір, түрі басқа болғанымен, тілегі бір, ұлты басқа болғанымен, құлқы бір, тағдырын да, болашағын да Қазақстанмен байланыстырған әрбір этнос өкіліне төл бет-бейнесін және болмысын сақтай отырып, жаңа бірлікке – «Қазақстан халқына» кірігуге мүмкіндік берді. Өйткені, Елбасы айтқандай, «Болашағы біртұтас ұлт» қана орнықты және табысты мемлекеттің, «Мәңгілік Ел¬дің» ең сенімді іргетасы бола алады. Именбей айтуға мүмкіндігіміз бар, болашағы біртұтас ұлт құру – біздің ең басты қаруымыз. Елбасы саясатының арқасында біз бірлігімізбен мақтана аламыз. Көпұлтты елімізде татулық, рухани келісім, бір-бірімен үндескен мүдде жасампаз болашаққа кедер¬гісіз жетелеп келеді. Халықаралық қауымдастыққа үлгі болып отырған ел ішіндегі татулық, достық қарым-қатынас, діни түсіністік үлкен мәнге ие. «Бірлік – біздің барша табыстарымыздың кілті» деп Елбасы айтқандай, айрандай ұйып отырған елдің келешегі кемел болмақ. «Тілегі бірдің – жүрегі бір», мақсаты мен ісі бір жерден шыққан дүйім жұрт тосыннан келген қиындықты жеңіп, кез келген белесті бағындырары сөзсіз». 

100 нақты қадам – бұл үлкен Ұлттық жоба. Оның кез келген қазақстандық үшін және біздің болашақ ұрпағымыз үшін маңызы жоғары. Ұлт жоспарының әр тармағы оқушы мен студентке де, шаруа адамына, мемлекеттік қызметкер мен кәсіпкерге де түсінікті. Сондықтан әрқайсысымыз оның жүзеге асуын өз жұмыс орнымызда, отбасында және қоғамда қамтамасыз етуіміз керек» – , деді Мәжіліс депутаты.

Зауыттықтар кездесуде Атырау облысы әкімі мен Парламент Мәжілісінің депутатына толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу