Құрметті зауыттықтар мен қадірлі ардагерлер!

29.04.2016
643 просмотров
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

Сіздерді, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қазақстан халқының бірлігі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Береке-бірлігіміз арта берсін!

Айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, құт-береке, бақыт тілеймін!

Ізгі тілекпен,

«Атырау МӨЗ» ЖШС Бас директоры 

 Қайрат Оразбаев

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу