Экологиялық ахуал ақпараты (2016 жылдың 21 сәуірі мен 27 сәуірі аралығы)

28.04.2016
652 просмотров

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 92 200 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ.

Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 92 200 м3 құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 48 056 м3құрады. Қайтара тұтынуға 23 394 м3 тазартылған су жіберілді, бұл көрсеткіш сарқындының 32,7%. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 413 зерттеу, айналма сулардың сапасына 99, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 304 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3 846 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 36 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу