"ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг" АҚ Бас (Басқарма төрағасы) Д.С.Тиесовтің Халықаралық Еңбекті қорғау күніне орай салалық ұжымдарға ҮНДЕУІ

28.04.2016
626 просмотров

28 сәуір–Халықаралық еңбекті қорғау күні.

Құрметті әріптестер!

28 сәуір–Халықаралық еңбекті қорғау күні.

Бұл оқиға қарсаңында біз үшін бірігіп іске асыру қажет болып отырған бастама туралы өздеріңізді хабардар етуге рұқсат етіңіздер.

Осы жылғы 22 сәуірде «ҚазМұнайГаз – ҚМ» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) басшылары қатысқан тоқсандық мәжіліс шеңберінде Атырау мұнай өңдеу зауытында еңбекті қорғаудың интеграциялық жүйесін енгізу жөнінде алғашқы мәжіліс болып өтті. Жобаның мақсаты өндірістегі қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін көтеру мен Компанияның барлық қызметкерлерін еңбекті қорғауға қатысты мәселелерді шешуге тарту болып табылады.
Бұл жобаны мен көтеріп отырмын, және де оның нәтижесі үшін жауапкершілікті ЕТҰ-дың бірінші басшылары растады. Жобаның іске асырылуы менің басымдылығым болып табылмақ.

Халықаралық еңбекті қорғау ұйымының деректері бойынша: 

  • жыл сайын 2,3 млн. еркектер пен әйелдержұмыс орындарындағы бақытсыз жағдайлардың нәтижесінде немесе жұмыспен байланысты аурудан қайтыс болуда – орта есеппен алғанда күніне6 000 адам.
  • жыл сайын өндірісте шамамен 340 млн. бақытсыз жағдай және160 млн. кәсіптік аурулардыңқұрбаны тіркеледі.


Сонымен бірге КМГ - ҚМ мен оның ЕТҰ қызметкерлерімен жүргізілген сұрақ-жауаптың нәтижесінде:

  • қызметкерлердің77% еңбек қауіпсіздігін басым мәселе деп есептейтіндігі;
  • мамандардың, қызметкерлер мен басшылардың 24%-дан астамы еңбекті қорғау ережесін мезгіл-мезгіл бұзатындығы;
  • қызметкерлердің тек қана 19% өздерін жұмыс орнында жеке өзінің қауіпсіздігі үшін жауапты деп есептейтіндігі анықталды.
Өкінішке орай, сұрақ-жауаптың нәтижесі өзімізге деген және өмірлеріне кейде қауіп те төніп тұратын әріптестерімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Өндірістік жоспарлар мен стратегиялық міндеттерді орындауды, зауыттарды жаңғырту жобаларын іске асыруды адам денсаулығына зиян келтіре отырып немесе қызметкерлерді жоғалта отырып жүргізуге болмайды, сондықтан да қауіпсіз еңбек әрбір қызметкердің саналы түрдегі әрі өз еркімен таңдаған ісі болуы тиіс. Біз тек қана өз өміріміз үшін емес, сонымен қатар қасымызда бірге жұмыс істейтін адамдардың да денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінуге тиіспіз. 

Бүгінде, еңбекті қорғаудың интеграциялық жүйесін енгізу шеңберінде, біз КМГ – ҚМкомпаниялары бойынша осы жобаның ең үздік атауын табуға конкурс жариялаймыз. Жеңімпаз үшін жүлде де қарастырылған. Барлық қызметкерлерді конкурсқа қатысуға шақырамын. 

Жеңімпаз «ҚазМұнайГаз-ҚМ» АҚ-ның ресми сайтында 2016 жылғы 30 мамырға дейін дауыс берудің нәтижесінде анықталатын болады. 

Жүлде қоры - 50 000 теңге.

Бүгінгі күннің «Қауіпсіз еңбек үшін - бірге!» атты девизі Компанияның әрбір қызметкері үшінкүнделікті қағидаға айналуы тиіс.

Бас директор

(Басқарма төрағасы) 

 Д. Тиесов

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу