Елбасының Алғыс хаты табысталды

21.04.2016
668 просмотров

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанына қолдау білдіріп, белсенді қатысқан бірқатар тұлғаға Алғыс хат табыс етті.

Олардың қатарында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Елбасының Алғыс хатын «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Қайрат Оразбаев және зауыттағы жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Юрий Кустадинчев иеленді.   

Елбасының Алғыс хатында: «...«Нұр Отан» партиясының халқымыз үшін елеулі оқиға- ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде жеңіске жетуінің терең символдық мәні бар. Мен мұны «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Ұлт жоспарын» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолында ұстанған бағытымызға қазақстандықтардың зор сенім артуының көрінісі деп білемін. Сізге мықты денсаулық, мол игілік және қызметіңізге табыс тілеймін!»- деп алғыс білдірілген.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу