Технологиялық пешпен жұмыс істеуге оқыту

20.04.2016
631 просмотров

11-15 сәуір аралығында еңбек ақы және персоналды дайындау бөлімінің оқу сыныбында «Технологиялық пештерді пайдалану» тақырыбы бойынша оқу курсы өтті.

Оқу барысында оған ароматикалық көмірсутектер өндірісі, кокс пен күкірт өндіру, мұнай өңдеу өндірісіндегі мұнай өңдеу және терең күкіртсіздендіру технологиялық қондырғыларының 30 операторы тыңдаушы болып қатысты.   

Дәрісті химия ғылымдарының кандидаты, Әзірбайжан Республикасы «Şöhrət» (Даңқ) орденінің иегері Агаширин Симран оглы Кулиев жүргізді. Ғалым тыңдауышларға қарапайым тұрғыда технологиялық пештердің ерекшеліктерін түсіндіріп, отын жүйесі мен қондырғыларды пайдалануда айқын ақпараттық мәліметтерді келтірді. 

Тақырып бүгінде ауқымды. Технологиялық қондырғыларға қызмет көрсететін персонал оған жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізген соң қайта іске қосқанда белгілі бір қиындықтарға тап болатын. Осы семинарда тыңдаушылар технологиялық пештердің қыр-сырына қанықты. Ғалымнан толғандырған өндірістік сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу