МТӨК құрылысы: көктемгі жұмыс қарқын алды

19.04.2016
701 просмотров
Мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының көктемгі маусымдағы жұмысы қарқын алды. 

«Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» ҚФ нысандарында, атап айтқанда, технологиялық қондырғылар мен жалпызауыттық нысандардың кейбірінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында. R2R «Каталитикалық крекинг» 3201 титулында жалпы құрылыстың 85 пайызы, «Оligomerisation» олигомеризациялау 3203 титулында жұмыстың соңғы сатылары қызған шақ.

Күн жылынысымен мердігер компанияның құрылысы алаңдарында жұмыс бұрынғыдан қарқын алған. -Биылғы қыс қаталдық таныта қойған. Қыс бойы жұмыс бір сәи тоқтаған емес. Жоспарға сай жүргізілді-дейді, бізді құрылыстың барысымен таныстырып жүрген МТӨК құрылыс бөлімінің маманы Расул Төленов. Дегенмен, әр маусымның өз ерекшелігі бар. Қыс мезгілінде кейбір маңызы бар жұмыстар жылы кезеңге қалдырылады. Осындай бір келелі істің бірі «R2R» (3201титул) каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық нысанының айналасына жеңіл бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Техологиялық қондырғы атмосфералық айдамалдаудың сарқындыларын, ауыр газойлды, вакуумды газойл мен ауыр газойлды кокстеу, ароматикалық өндіріс кешеніндегі ауыр рафинад пен ауыр ароматикалық қосындыларды, сондай-ақ осы кешеннен сығылған көмірсутекті газын және бензин мен жеңіл газойл катакрекингі сияқты құнды өнімдерді өңдейді. Қондырғыда бір реактор мен екі регенератор орналасқан. Қуаттылғы- жылына 2,4млн. тонна жуық өнім шығаруға қауқарлы. Бүгінде құрылыс алаңында 204 адам мен ондаған арнайы техника жұмылдырылған. Мамандардың басым бөлігі мердігер «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» Қазақстан филиалынан. Мұнда бетон діңгектер 100 пайыз қағылып, бетон құрылғылардың 95 пайызы орнатылған. Айта кету керек, технологиялық нысанда металл құрылғыларының 80 пайызы монтаждалып, қондырғылардың жартысына монтаж жүргізілді. «Компрессорлық және ТП-65» ғимаратында желдеткіштерді және құбырларды монтаждаудан кейін жұмыс толық аяқталады.   

Alkyfining қондырғысы 3203 титулында діңектер толықтай қағылып, бетон құрылғылардың 92 пайызы құйылған. Қондырғының 3 секциясында да: алкифайнинг қондырғысы, олигомеризация қондырғысы және сутектендіру қондырғысында металл құрылғылар 100 пайыз монтаждалып аяқталды. Жалпы Alkyfining қондырғысы Sulfrex қондырғысынан келетін шикізатты алдын ала өңдеуге арналған. Сонымен қатар ол олигомеризация қондырғысы мен полибензинді сутектендіру қондырғысында ары қарай өңдеуге мүмкіндік береді. Олигомеризация блогының өндірістік өлшем көлемі сығылған газ бойынша жылына 444 мың тоннаны құрайды. Ол өз кезегінде алкифайнинг блогының өнімділігіне сәйкестендірілген. Мұнда қондырғылардың 50 пайызына монтаждау жүргізіліп, жұмыстың сапалығы сәт сайын тексеріліп тұрады. Құрылыс алаңында 83 адам жұмыс жүргізуде. Технологиялық нысан басында Этажеркалар мен эстакадалардың құрылысы толық аяқталды. 

3204 титулы -Naphtha HT фракциондау блогы бар нафтаны сутектендіру қондырғысында (нафтаны жеңіл және ауыр түріне қарай бөлу) – бүгінде 75 адам құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қондырғы Prime G, АТ-2, УЗК қондырғыларынан келетін бензинді сутектендіріп, соңынан гидрогенизатты ауыр және жеңіл нафтаға бөледі. Жеңіл нафта изомерлеу шикізаты (жобаланған), ал, ауыр нафта CCR (АКШ) шикізаты болып табылады. Қондығының қуаты жылына 1млн. 499 мың өнімшығаруға қауқарлы. Нысанның діңгектері толықтай қағылып, бетон құрылғылары 80 пайызға біткен. Металл құрылғылары 86 пайыз аяқталып, қондырғылардың 20 пайызы монтаждалған. Мамандар металл құрылғыларды монтаждау мен қондырғыларды орнату жүргізіп жатыр. Жұмыс ырғағы көктем басталғалы қарқын алған.   

3205 титулы - «Prime D» дизель отынын сутекпен тазалау және парафинсіздендіру қондырғысы- күкіртсіздендірілген дизель отынын алуға арналған. Қуаттылығы –жылына 913 мың тонна өнімге есептелген. Нысан басында діңгектер толықтай қағылып, бетон құрылғылардың 94 пайызы орнатылған. Металл құрастырмаларды монтаждау аяқталған. Қондырғыларды монтаждау 45 пайызға орындалды. «Компрессорлық және ТП-65» ғимаратында желдеткіштерді және құбырларды және кабельдерді монтаждаудан кейін жұмыс толық аяқталады. Технологиялық нысанның Этажеркалар мен эстакадаларында құрылыс толық бітіп тұр. 

МТӨК құрылысы бөлімінің маманы Расул Төленовтің айтуынша, мердігер «Sinopec Engineering (Group) Co. LTD» ҚФ кешенде жүргізіп жатқан барлық құрылыс нысандарында жұмыс тоқтаусыз жалғасуда. Күн сайын басшылық құрылыстың жүру барысын саралап, түйінді мәселелер талқыланып, шешіліп отырады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу