Зауыттықтар жалпықалалық сенбілікке қатысты

18.04.2016
661 просмотров
Зауыттықтар жалпықалалық сенбілікке қатысты

Тазалық айлығы аясында Атырауда қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаіші аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды.

Тазалық айлығы аясында Атырауда қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаіші аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлзарларда жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды. Осындай келелі іске Атырау мұнай өңдеу зауытының 300-ден астам жұмысшысы қатысып, тазалық жұмыстарына белсене қатысып, көшеттер отырғызды. 

Сенбілікке зауыт басқармасының қызметкерлері, цех жұмысшылары және жастар ұйымының өкілдері тартылды. Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағы мен айналасын тазарту мен көшеттер отырғызуға 200 адам қатысты. Олар зауыт ауласындағы ағаштарға күтім жасады, әрлеп су жүретін арықтарды тазалады. Сондай-ақ, кәсіпорынға тиесілі аумақтарды тазартып, қоқыстарды шығарды. АМӨЗ базасының маңына 70 көшет отырғызды. Сенбі күні 120 зауыттан адам қала ішін тазарту мен көгалдандыруға бөлінді. Олар Әуезов көшесіндегі «Халық банкі» филиалы аумағын күл-қоқыстан тазартып, 50 тал отырғызды. Осы көшедегі «Абди» дүкені аумағын да тазартып, 50 көшет екті. Сенбілікке шыққандардың басым бөлігі Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының маңындағы саябаққа жұмылдырылды. Мұнда зауыттықтар мәдениет сарайы маңынан қоқыстар шығарды. Саябаққа қарағаш, шаған және үйеңкі көшеттерін отырғызды. Жалпы сенбілікте зауыт қызметкерлері қаланың әр аумағына 500 көшет екті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу