«Атырау Мұнай және Газ»: ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

13.04.2016
1325 просмотров

Атырауда 12-14 сәуір аралығында «Атырау Мұнай және Газ» атты 15-ші Солтүстік –Каспий өңірлік көрмесі мен конференциясы өтті.

Мұнайгаз және құрылыс салаларын біріктірген ірі көрмеге елімізден басқа Әзірбайжан, Германия, Дания, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей, Түркия және Украинадан келген 100-ге жуық компания қатысты. Көрмеге әр елден келген ірі мұнай компаниялары: мұнай өндіруші, сервистік қызмет көрсетуші және консалтингтік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттары қызығушылық тудырды. Көрмеге келушілер антикоррозиялық жабынның, бұрғылаудың, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің инновациялық технологияларымен, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың жабдықтарымен, көмірсутектерді тасымалдау және сақтау технологиясымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, көрме облысқа жаңа жаңа технологиялар мен жабдықтар тартуға, Қазақстан мен халықаралық мамандардың тәжірбие алмасуына, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға сеп болмақ. Халықаралық көрмеге ҚР Энергетика министрлігі, Атырау облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК, Атырау мұнай және газ институты және «KazService» сервистік компаниялар Одағы ресми қолдау көрсетті. 

Көрмемен қатар Атырауда 10-шы аймақтық конференция өтті. Ол мұнай және газ саласындағы инновациялық жетістіктер, проблемалар мен шешу жолдарына арналды. Шара аясында «Қазақстанда мұнай-химия және мұнай өідеуді дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. «Атырау МӨЗ» ЖШС инвестициялық жұмыс барысынан МТӨК техникалық бақылап отыру жөнiндегi басқарушы директорының орынбасары Дмитрий Макеев баяндама жасады. Ол зауыт тарихына қысқаша тоқталып, бүгінде кәсіпорында жүргізіліп жатқан жаңғырту жобаларына нақты түсіндірме берді. Зауытта екінші жаңғырту сәтті жүзеге асырылып- ароматикалық көмірсутектер өдірісі кешені іске қосылды. Кешен сызбасының икемделігі арқасында оны екі бірдей мақсатта пайдалануға болады: отындық және мұнайхимиялық нұсқалар. Отындық нұсқа жоғары октанды бензин өндірісін мейлінше молайтуға жол ашпақ. Сондай-ақ, өнеркәсіптік бензол мен параксилол алуға мүмкіндік бар. Бүгінде Атырау мұнай өңдеу зауытында жаңғыртудың үшінші кезеңі- мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) құрылысы жүргізілуде. Кешен іске қосылысымен К-5 стандартындағы бензин шығарылады. Мұнайды тереңдетіп өңдеу ұлғайып 63 пайыздан 85 пайызға көтеріледі, өндірісте ашық түсті мұнай өнімдерінің (бензин, дизель отыны) үлесі артады. Зауыттың мұнайды өңдеу қуаты жылына 5 тен 5,5 млн. тоннаға дейін жоғарылап, құрамында зиян мөлшері төмен автокөлік бензинінің тұтыну есебінен аймақтың экологиялық ахуалы жақсармақ. Зауыттағы жаңғырту жобаларын баяндағын Д.Макеев кәсіпорынның қоршаған ортаны сауықтыру шараларындағы басты аспектілерге де тоқталды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу