Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешеніне мамандарды дайындау бағдарламасы аясындағы жаңа технологиялық қондырғыларға машықтандыру жұмыстары жалғасуда.
Бүгінде каталитикалық крекинг қондырғысы персоналдары мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді «Химиялық технология» мамандығының негіздеріне 3-ші жинақталған топ оқытылуда.
Оқытуды Атырау мұнай және газ институтының білікті ғалым-оқытушылары жүргізуде.
1 топтан оқып шыққан 10 тыңдаушы тәжірибе жинау үшін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-не каталитикалық крекинг қондырғысында тәлімдемеден өтуге аттанды.