Вадим Карабасов марапатталды

08.04.2016
670 просмотров
Вадим Карабасов марапатталды

6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформациясы Бағдарламасының бірінші Кезеңінің жабылуына орай ақпараттық күні өтті.

6 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ трансформациясы Бағдарламасының бірінші Кезеңінің жабылуына орай ақпараттық күні өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы мен орталық аппаратының қызметкерлері, «Самұрық-Қазына» АҚ трансформациясы Орталық командасының мүшелері және «ҚМГ Глобал Солюшнс» жобалау командасының өкілдерінен құралған 200 адам қатысты. 

Шарада трансформация Бағдарламасының бірінші Кезеңі қорытындыланып, «ҚазМұнайГаздың» бағдарламаны жүзеге асырудағы үлесіне баға берілді және алдағы жоспарлар пысықталды.

Трансформация Бағдарламасына қатысып, жобалау командасына қолдау көрсеткен ҚМГ компаниялар тобының ең үздің өкілдері арнайы сауалнама негізінде анықталды. «Атырау МӨЗ» ЖШС техникалық бөлімі бастығының орынбасары Вадим Карабасов «Жоғары кәсібилігі және іскерлік құзіреті үшін» номинациясын иеленді. Оған ақпараттық күні барысында естелік сыйлық табыс етілді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу