Егін науқанына дизель отынын бөлу

05.04.2016
743 просмотров
Егін науқанына дизель отынын бөлу

ҚР Энергетика министрлігінің бекітуімен 2016 жылдың егін шаруашылығына дизель отынын жеткізуге сәйкес, егін науқаны кезінде, атап айтқанда үстіміздегі жылдың наурыз бен маусым айы аралығында «Атырау МӨЗ» ЖШС 90,5 мың тонна жанар май бөлмек.

Айға бөлгенде отынды жіберу кестесі төмендегідей: 

  • наурыз - 6,9 мың тонна;
  • сәуір - 32,2 мың тонна;
  • мамыр - 27,0 мың тонна;
  • шілде - 24,1 мың тонна.

Қазақстандық аграрларға дизель отынын бөлетін негізгі операторлар: «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ, «Petrosun», ЖШС және «Petroleum Opearating» ЖШС. Отын Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жіберіледі.   

Наурыз айының қорытындысында Қостанай облысындағы егін науқанына «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ ресурсынан 2,332 мың тонна дизель отыны жіберілді.

Кестеден кешіктіріліп келе жатқан себебі, мұнай өнімдері ресурс ұстаушылардың тапсырысына сәйкес жүргізіледі. Олар өз кезегінде ауылшаруашылығы өндірушілерінің төлемінен кейін ғана отын көлеміне рәсімдеу жүргізеді.
Жоспарлы тапсырыс болған жағдайда кестеге сәйкес отынды жіберу толығымен және мерзімінде орындалады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу