Бағаналарға алғашқы гидравликалық сынақ өткiзiлді

04.04.2016
588 просмотров
Бағаналарға алғашқы гидравликалық сынақ өткiзiлді

Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының алаңында бүгінде «Prime G» (3206 титулы) қондырғысының ірі ауқымды қондырғылары C-0701 және С-0702 бағаналарына алғашқы гидравликалық сынақ өткізілді.

Сынақ «Sinopec Engineering (Group) Co. Ltd» мердігер компаниясының өкілдері, индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы және техникалық қадағалау бөлімі өкілдері мен МТӨК цехының мехниктері, МТӨК құрылысы департаменті мамандарының қатысуымен жүргізілді.   

С-0701 бағанасы өнім қоспасын фракциондау мен реакторды сутектендіруге арналған: 

  • каталитикалық крекингтің жеңіл бензинін;
  • каталитикалық крекингтің орташа және ауыр қоспалы бензинін алуға. 

«Мұнайды тереңдетіп өңдеу құрылысы» жобасының ірі ауқымды С-0701 бағанасының биіктігі - 39.7 м, диаметрі- 3.6/4.4 м. Ал, С-0702 бағанасының биіктігі– 28.15 м, диаметрі – 3/3.6 м.   

Бағаналардың ірі көлеміне қарай технологиялық тұрғыда бүтіндей монтаждау мүмкін емес. Сондықтан шығарушы зауытта бағаналардың бөлшектерін құрастырып дайындау өндірістік жобада қарастырылды. Зауытта дайындалып әкелінген бағаналардың бөлшектерін бір –біріне дәнекерлеп жалғау үшін арнайы құрылыс алаңы бөлінді. Онда соңғы үлгідегі технологиямен дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп, бағаналар мерзімінде және сапалы құрастырылды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу