«Атырау МӨЗ» ЖШС еңбек ұжымының конференциясы

01.04.2016
600 просмотров

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өткен Атырау мұнай өңдеу зауыты еңбек ұжымының Конференциясында 2015 жылдың қорытындылары мен кәсіпорынның алда тұрған міндеттері айқындалды.

Конференцияға зауыт басқармасы мен өндірістік бөлімшелерден және кәсіподақ ұйымынан, «Жас Отан» жастар қанатынан 320 өкіл қатысты. Басқосуда Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қайрат Оразбаев 20 наурыздағы ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлауға зауыттықтардың 98 пайызы қатысқандығын атап өтіп, басшылық атынан ұйымшылдықтары үшін алғыс айтты. Былтырғы жылы зауыт 4 млн.867 мың 70 тонна көлемінде мұнай өңдеген. 2015 жылы хош иісті көмірсутектерді шығару кешені құрылысының жобасы аяқталып, зауыт мұнай-химияның жаңа өнімдері бензол мен параксилолдың сынама топтары алынды. Биыл мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының механикалық бөлігін аяқтау сынды жоспар тұр,-деді өз баяндамасында Қайрат Оразбаев. Еңбек ұжымының конференциясында ұйымдастыру және еңбекақы жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары Гүлнар Достанова 2013-2015 жылдардағы Ұжымдық шартты тексеру қорытындылары мен 20016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың ұсыныстарын қарау жөнінде баяндама жасады. 

Құжаттың барлық шарттарын Қатысушылардың кадрлық және қаржылық қызметтерімен және басшылықтарымен қарау және келісу нәтижесінде еңбек қорғау және төлемақыны нормалаудың, қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың барлық түрлері мен көлемдерін сақтай отырып ұжымдық шартты жасауға келісім алынды. Сонымен әлемдік мұнай бағасының төмендеуі мен дағдарысқа байланысты мұнай-газ саласында туындаған қиын жағдайға қарамастан «Атырау МӨЗ» ЖШС және оның Қатысушылары еңбекақы төлемінің, өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижесіне орай сыйақы төлеу, материалдық көтермелеулер, сонымен қатар мерекелер мен маңызды жағдайларға байланысты төленетін әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер шығындарын азайтпай қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде бір шешімге келді.
Конференция соңында зауыт басқармасы атынан «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қ.Оразбаев пен жұмысшылар атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы К.Шахметов 2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойды. Бұл - Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауын бағытқа ала отырып Серіктестіктің Қазақстан Республикасының және Атырау өңірінің дамуы мен гүлденуі жолында тер төгіп жүрген еңбек ұжымына қатысты әлеуметтік жауапкершілігін көрсетуінің нақты қадамы болды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу