Елбасының Жолдауын атыраулық мұнай өңдеушілер де қызу талқылауда

23.01.2014
807 просмотров

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын атыраулық мұнай өңдеушілер де қызу талқылауда. Зауыттықтар ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Жолдау жүктеген міндеттерді талқылау мақсатында бас қосты. Жиналысты зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаев ашты.

Бірінші басшы өз сөзінде « Қазақстан-2050» стратегиясында ұзақ мерзімді мақсаттар көзделген болса, 2014 жылғы Жолдаудың әрекет етуге нұсқаулық екендігін айтты. Мемлекет басшысы әлемдегі озық отыз елдің құрамына кіруді міндет етті, ол жоспар жасақталды да. Стратегия жеті бесжылдыққа жіктелді, Елбасы Жолдауда біртіндеп орта санат пен қалалық тұрғындардың үлесі 55-тен 70 пайызға жететінін түсіндірді. Еңбек өнімділігін бес есеге арттыру шарт. Шағын және орта бизнес ЖІӨ-нің 50 пайызынан астам көлемін өндіруі тиіс. Бүгінде ол 20 пайыздан аспайды. Ал ел экономикасы төрт пайыздан кем емес деңгейде өсіп отыруы тиіс. ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 4,5 есеге өсіп, 60 мың долларды құрамақ. Сондай-ақ, зауыт басшысы жиналысқа қатысушыларды Мемлекет басшысының 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Жолдауында белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Жолдаудағы маңызды міндеттер туралы мұнай өңдеу жөніндегі департамент директоры Е.Б.Сүлейменов, сатып алулар жөніндегі департамент директоры В.А.Думлер, АКШ басшысы Ю.К.Шкодин, еңбек ресурстары басқармасының бастығы Г.М Өтеғалиевалар да айтып өтті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу