Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды

24.01.2016
589 просмотров

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Атырау мұнай өңдеу зауыты жастар ісі жөніндегі комиссияның ашық отырысы өтіп, күн тәртібінде зауытта жастар ісі жөнінде комитет құруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан Жастар ісі жөніндегі комитет құрылғаны белгілі. Жастардың кәсіби және карьералық өсуіне қолайлы жағдай туғызу, жас мамандардың әлеуетін жүзеге асыруға жол ашатын өндірістік және әлеуметтік мүмкіндіктер ұсыну мақсатында кәсіпорындарда жастар ісі жөніндегі комитеттер құрылуда.

Бүгінгі таңда Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің 23 пайызын жас мамандар құрайды. Комитет жұмысы жастар саясаты мәселелерін жүзеге асыруға бағытталмақ.

Отырыс барысында цех комитеті төрағалары комитет жетекшілігіне кандидаттар ұсынды. Еңбек ресурстары басқармасының бастығы Г.М.Өтеғалиеваның айтуынша, комиссия қарауына отыздан астам кандидаттың мәліметтері түскен. Комиссия АКШ каталитикалық риформинг қондырғысының механигі Юрий Кустадинчевті комитет төрағалығына сайлау туралы ұсыныс білдіріп, дауысқа салуды ұсынды. Жианлағандар бір ауыздан Юрий Кустадинчевті қолдап дауыс берді. Айта кетерлік жәйт, Юрийдің қоғамдық қызметте тәжірибесі жеткілікті. Ол – облыстық мәслихат депутаты, Атырау облысы бойынша Қазақстан Халықтары Ассамблеясы жастар қанатының төрағасы, Болгар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы. Ендеше жинақталған іс-тәжірибе жастармен жұмыста да оң ықпал тигізеді деп сенеміз.

Төраға орынбасары болып МӨМӨАК өндірісінің операторы Абат Абылхайыров сайланды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу