«Теңқұқылы ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік – заманауи өндіріске кәсіби мамандарды дайындау жолдары»

17.04.2014
866 просмотров
Ағымдағы жылдың қаңтарында зауыт мамандардының Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі басшылары және оқытушылар құрамымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында зауыттықтар оқу аудиторияларын аралап көріп, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарымен танысты. 

Сондай-ақ,жаңадан салынып жатқан кешендерге кәсіби мамандар даярлау төңірегінде әңгіме өрбіп, аталған мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша хаттама толтырылып, ынтымақтастық қызметтің негізгі бағыттары нақтыланды.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы, ел Үкіметінің 2013 жылдың 4 маусымындағы химия саласы мамандарын дайындау/қайта даярлаудың жүйесін жетілдіру туралы тапсырмасы және сенімділік, тең құқылы ықпалдастық принциптері негізінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі арасында құрылысы жүріп жатқан АКШ және МӨТК кешендерінің құрылысына мамандар дайындау бойынша өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Колледждің «Мұнай және газ өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 6 арнаулы пән оқытушысы мен өндірістік оқыту шебері мұнай өңдеу технологиялық процесстерін тәжірибелік оқу бағдарламасына сәйкес зауыт цехтары мен қондырғыларында, зертханалар мен шеберханаларында тәжірибеден өтті.

Колледж шеберханаларын жарақтау үшін оқу құралдары ретінде 11 құрал-жабдық орнатылып, стендтер дайындалды.

Теориялық білімді бекітіп, тәжірибе алу мақсатында студенттер үшін зауыт қондырғыларында тәжірибенің барлық түрі ұйымдастырылатын болады. Үздік студенттердің атаулы шәкіртақы алуына және «Технологиялық қондырғы операторына үйренуші» деген штаттық қызмет иеленуіне мүмкіндіктері бар.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу