«Атырау МӨЗ» ЖШС-не энергоменеджмент жүйесі сертификаты табысталды

02.04.2014
787 просмотров
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі

Бүгінгі таңда зауытты дамыту аясында мұнай өңдеу тереңдігін арттыру, сапалы мұнай өнімдерін шығару және елімізде мұнай химия өндірісінің негізін қалыптастыру мақсатында жаңарту және қайта жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Атырау МӨЗ негізгі басымдылығы – қызметкерлер мен мердігерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, ҚР қолданыстағы заңнамаларына, ұлттық және халықаралық стандарттарына сай өңірдің қоршаған ортасын қорғау.

Зауытта төмендегідей халықаралық стандарттарды басқару жүйелері енгізілген: ISO 14001:2004 (экологиялық менеджмент), OHSAS 18001:2007 (еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы), ISO 9001:2008 (сапа менеджменті).

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың қазанында "Intertek Moody International" компаниясы ре-сертификациялық аудит барысында зауыттың еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі, экологиялық менеджмент және сапа менеджменті саласындағы талаптарға сәйкестігін растаған болатын.

2012 жылдан бастап БЖМ бөлімі ISO 50001:2011 жаңа халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған жұмыстар атқарды. Осы аптада АМӨЗ-на энергоменеджмент жүйесіне сәйкестігін растайтын сертификат табысталды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу