«Бензин-2014» және «Дизель-2014» тақырыбында екі халықаралық конференция туралы

07.04.2014
778 просмотров
2014 жылдың 2-3 сәуірінде Мәскеу қаласында «Крэон Энерджи» ЖАҚ ұйымдастырылуымен «Бензин-2014» және «Дизель-2014» тақырыбында екі халықаралық конференция өтті. Аталмыш шараға Атырау мұнай өңдеу зауытынан техникалық бөлім бастығы Жасұлан Төлеуов пен «ОЗЗ» СО инженері Айнагүл Ысқақова қатысты.

Конференцияда отындардың экологиялық сипаттамасын жетілдіру, АМӨЗ қуаттылықтарын жаңарту мәселелері сөз болып, «Автобензин өндіру мен экспорттаудың негізгі тенденциялары мен перспективалары», «Ресей автомобиль нарығы: тенденциялар мен перспективалар. Қауіпсіздік керек, ал сапа – аса қажет», «Қазіргі заманғы дизель отындары туралы» баяндамалар жасалды.

Бұл «Бензин», «Дизель» халықаралық конференция жұмысына зауыттықтардың алғашқы қатысуы емес және оның қызмет барысына тигізер ықпалы оң. Конференция – кәсіби біліктілікті арттырудың бір жолы. Бұл – түрлі МӨЗ мамандарының, ғалымдарының пікір алмасу алаңы.

(толық материал "Новатор" газетінің №13 санында жарияланды).

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу