«Бірыңғай әлеуметтік еңбек саясаты. Еңбек дауларының алдын алудың сындарлы жолы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы

08.04.2014
779 просмотров
4 сәуірде Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың және ҚазМұнайГаз кәсіпорындарының кәсіподақ көшбасшылары, еншілес компания басшыларының қатысуымен «Бірыңғай әлеуметтік еңбек саясаты. Еңбек дауларының алдын алудың сындарлы жолы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» жұмысына «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Құлымұлы Оразбаев қатысты.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Мұнай және газ, Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің, ҚР кәсіподақтар федерациясының, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жанындағы әлеуметтік әріптестік орталығының, Мұнай-газ саласы қызметкерлері салалық кәсіподағының өкілдері қатысты.

Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ даму стратегиясын, ҚМГ мен еншілес және тәуелді ұйымдар кәсіподақтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін ҚМГ-дегі әлеуметтік және кадр саясатын түсіндіру.

«Дөңгелек үстел» отырысын өткізер алдында, яғни, 2-3 сәуір күндері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кәсіпорындары кәсіптік одақтарының 60 көшбасшысына арналған оқу ұйымдастырылып, қатысушылар ҚМГ компанияларының қолданыстағы кадр саясатымен танысып, іс-тәжірибе алмасты. Олардың қатарында «Атырау МӨЗ» ЖШС кадр жөніндегі басқарушы директор – аппарат жетекшісі Қанат Қабденұлы Қабденов, кәсіподақ төрағасы Құсайын Мауысұлы Урымбасаровтар да бар. Бұдан басқа ҚМГ компаниялар тобының кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек мәселелеріне жауапты басшылық құрамының 40 өкілі оқу курсынан өтті.

Семинар-кеңестің үш күндік жұмысының қорытындылары бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ тұлғасында еншілес және тәуелді ұйымдар кәсіподақтары арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу