24 инженерлік-техникалық қызметтерге оқыту сабақтары

10.04.2014
775 просмотров
Ағымдағы жылдың 7-11 сәуірі аралығында ҚР «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңына сәйкес иондаушы сәулелену көздерін алуға, сақтауға және есепке алуға, рентген аппараттарын сақтауға, радиациялық қауіпсіздікке, радиациялық және радиометриялық бақылауға жауапты 24 инженерлік-техникалық қызметтерге оқыту сабақтары ұйымдастырылды.

40 сағатты қамтыған «Радиациялық қауіпсіздік және қорғаныс» тақырыбындағы бұл оқытуды «Адам ресурстарын дамыту академиясы» ЖШС өткізді. Курс бағдарламасы радиациялық қауіпсіздік, мемлекеттік есепке алу жүйесі, бақылау және адамдарды радиоактивті заттардан және қалдықтардан физикалық қорғау, өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік, еңбек қорғау, төтенше жағдайлардың, радиациялық апаттардың алдын алу мәселелерін қамтыды. Радиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативті-құқықтық базаны қоолдану мәселесіне айрықша назар аударылды.

Курс соңында өткізілген қорытынды емтихан оқытудан өткен қызметкерлердің жоғары білім деңгейін көрсетіп, оларға біліктілік куәліктері тапсырылды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу