«Атырау МӨЗ» ЖШС мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚБ арасындағы әріптестік орнату

17.04.2014
818 просмотров
«Атырау МӨЗ» ЖШС мен «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚБ арасындағы әріптестік орнату туралы келісім шарт аясында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде мектеп оқушылары зауытта болды.

 Олар Атырау мұнай өңдеу зауытының тарих және еңбек даңқы залындағы жәдігерлермен танысып, атыраулық мұнай өңдеушілердің ерлік пен қайсарлыққа толы еңбек жолы туралы әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады. Бұдан соң балалар «Орталық зауыт зертханасы» СО-на экскурсия жасап, зертхана мамандары оқушыларға өз мамандықтары, жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

Келісім шарт аясында жұмысшы мамандармен жүздесу, «дөңгелек үстел» басындағы кездесулер өткізу қарастырылған. Мұның барлығы да мұнай өңдеуші мамандығын насихаттау бағытында жасалып жатқан жұмыстар.

Кездесу соңында Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жатқан оқушылар АМӨЗ ұжымына ризашылықтарын білдіріп, Алғыс хат та

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу