Атырау МӨЗ қолданыстағы СҚА

18.04.2014
797 просмотров
Жасыл желектің атқарар маңызы зор: жерді, асфальтті төсемдер мен ғимарат қабырғаларын қызудан қорғайды; бетіндегі судың булануы есебінен ауаны ылғалдандырады; оттегін бөліп шығарады; фитонцидтер бөле отырып, ауадағы ұсақ организмдерді жояды; шуды азайтады. Әрине, оның эстетикалық қызметі тағы бар. Жайқалған жасыл желек көзге қуаныш ұялатары сөзсіз.

Атырау МӨЗ қолданыстағы СҚА

Зауыт дами түскен сайын оның іші-сыртын көгалдандыру мәселесі маңызды сипат алып келеді. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру кәсіпорынның экологиялық бағдарламасына кіреді. Бүгінгі таңда осы бағытта ауқымды іс-шаралар атқарылды.

Зауыттың қолданыстағы санитарлы-қорғаныш аумағы 16 гектарды құрайды. Көктем мезгілі туысымен арам шөп жұлу, түптеу, алқапты қураған ағаштардан тазарту, қолданыстағы су желілерінен суару құбырларын жүргізу, пластикалық құбырлардан секцияларға бөлінген суару жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Көктем-күз айларында 4 мәрте ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Нысандарға тәулік бойы қарауыл қойылған.

Ағаштардың табиғи семуінің орнын толтыру үшін көктемде 1000 дана ағаш отырғыз көзделді. Зауыт аумағында 532 ағаш отырғызылды. Қалған бөлігі қолданыстағы санитарлық-қорғаныш аумағына егілетін болады. Жұмыстар әлі де жалғасын таппақ. Биыл тағы да 7 мың ағаш отырғызылмақ. Көгалданыдруға жауапты қызметтер көшеттерді таңдауға айрықша назар аударып отыр. Біздің жерімізге бейімделіп, жақсы бой көтеретіндері - қарағаш, тамарикс және жидек.

АКШ құрылыс аясында СҚА көгалдандыру

«АКШ құрылысы» инвестициялық жобасы аясындағы көгалдандыру аумағы 191 га құрайды. СҚА толықтай қоршалған. Бүгінгі таңда оның 176 га-ы абаттандырылып, көгалдандырылған. Су құбырлары тартылып, тамшы түтіктері орнатылған (тамшылатып суару әдісі), сорғы бекеті салынып, балық қорғау құрылғысы, құдық, тұйықталған учаскелерде әуе қақпақтары орнатылды. Арнадан алынатын суды есепке алу мақсатында арнайы құрал қондырылды.

2012-2013 жылдар аралығында барлығы 177 864 көшет отырғызылса, оның - 42 026 тал, 135 838-і бұта.

Қазіргі таңда СҚА құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Көшеттерді отырғызу үшін шұңқырлар дайындалуда. Қалған 15 гна аумаққа 15 510 ағаш, бұта егілмек.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу