Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен жүздесу

21.04.2014
772 просмотров
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде зауыттың бас мамандары, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жауапты тұлғалар Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен жүздесті. 

Делегация құрамында: Палата директоры - Жәкиев Асылбек Мұхитұлы, салалық бағдарламаларды сараптау және мониторинг бөлімінің бастығы - Шавалиева Нұрия Мұратқызы, әкімшілік - Мұхит Әлібек Владимирұлы, директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары - Нұржан Ғанимұратұлы.

Қонақтарды «АМӨЗ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары – бас инженер Денис Вениаминович Козырев қарсы алды.

Аймақтық кәсіпкерлік палатасының мақсаты - кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, нығайған кәсіпкерлік қауымдастық қалыптастыру процесінде аймақтық бизнес өкілдерін мейлінше кеңінен қамту.

Казақстандық үлесті арттыру, ірі, орта және шағын бизнесті нығайту, сондай-ақ аймақтағы шағын және орта бизнес өкілдері мен ірі компаниялар арасында әріптестік орнату мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді.

Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы ірі кәсіпорындардың шағын және орта бизнес өкілдерімен кооперациясын қамтамасыз ету туралы тапсырмасына және Атырау қаласында Премьер-Министрдің орынбасары Б.А.Сағынтаевтың қатысуымен өткен хаттамалық мәжіліске сәйкес Палата өңірдегі кәсіпорындармен «Әріптестік бағдарламасы» аясында байланыс жасайды. Қазіргі таңда аталған бағдарламалар «Тенгизшевройл» ЖШС-мен бірге жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта «Әріптестік бағдарламасын» NCPOC, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ –нда да жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ірі компаниялар төңірегінде шағын және орта бизнес өкілдерінің белдеуін құру бағдарламасы аясында облыстық кәсіпкерлер палатасы Атырау мұнай өңдеу зауытымен арада «Әріптестік бағдарламасын» іске асыруға мүдделі. Бұл бағдарламаның алғашқы кезеңі жұмыс тобын құру және біріккен бағдарламаны жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын жасақтау. Алғашқы кездесу нақ осы мақсатта ұйымдастырылды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу