Қайта жаңғырту және жаңарту мәселелері бойынша мәжіліс

25.04.2014
740 просмотров
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Атырау мұнай өңдеу зауытында «ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» бас директоры (Басқарма төрағасы) Данияр Тиесовтың төрағалығымен зауытты қайта жаңғырту және жаңарту мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Д.Тиесов өз сөзінде «Ароматикалық көмірсутектер шығару кешенінің құрылысы» инвестициялық жобасы ҚР Премьер – министрі К.Қ. Мәсімовтың тікелей қадағалауында екендігін және оның жүз күндік бағдарламасына кіретіндігін атап көрсетті. Зауыттың және мердігерлер SEG және ҚҚС компанияларының алдында тұрған басты міндет - құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтау.

Мәселелер талқылағаннан кейін шешім қабылданды. «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы жұмысшы персоналдын санын арттырады: мамыр айынан бастап АКШ құрылысында 230 дәнекерлеуші және 460 монтаждаушы жұмыс жасайтын болады. 1 мамырға дейін Бейжің қаласында АКШ жобасына жабдықтар мен материалдарды жеткізу жұмыстарын реттейтін біріккен топ құрылып, құрамына «SEG» және ҚҚС (қажетінше АМӨЗ) мамандары кіретін болады.

Мәжіліс барысында «SEG» қазақстандық филиалы құрылыс – монтаждау жұмыстарының, сондай-ақ тұрбалар мен тұрба түйіндерін дайындау және монтаждау жұмыстары барлық талаптарға сәйкес орындалатындығына кепілдік берді.

МТӨК құрылысына қатысты мәселелер де талқыланып, 2015 жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшіне квота алу жәйі сөз болды. Мәжілісте Консорциум көшбасшысы «SEG» ҚФ биылғы жылы жобалау-іздестіру жұмыстары 80 пайызға; жалпы құрылыс жұмыстары (жерасты коммуникацияларын жүргізу, жер жұмыстары, іргетастарды орнату); металл құрастыру жұмыстарының жартысы; металл құрастырылымдарын дайындауға тапсырысты мерзімімен орналастыру жұмыстары орындалатындығына уәде етті.

Ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін ұзақ дайындалатын жабдықтарға тапсырыстар орналастыру жұмыстары тәмәмдалмақ. Сондай-ақ, «SEG» ҚФ және КСС қысқа мерзімде лицензиарлармен (AXENS, Foster Wheeler, UOP) технологиялық қондырғылардың жабдықтарын компоновкалау туралы келісіп, Тапсырыс беруші мекен жайына келісілгендігін растайтын тиісті құжаттарды жолдауы тиіс.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу