SAP бизнес форумы

29.04.2014
823 просмотров

Алматы қаласында 25 сәуір күні жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы бизнес – процесстерді басқару мәселелеріне арналған Орта Азия аумағындағы ірі SAP бизнес форумы болып өтті. Форум жұмысына Атырау МӨЗ мамандары да қатысты.

 Алғаш рет қатысқан әріптестеріміз шарадан олжалы оралды. АМӨЗ SAP ERP қолдана отырып басқару процесстерін автоматтандыру ісіндегі кешенді және кәсіби тәсілдемесі үшін Ескерткіш белгісімен марапатталды.

Жыл сайын SAP форумы өз алаңына SAP қолданушы компаниялар мен әріптестерін және табысты бизнесті басқаруда қолданатын жаңа технологиялар туралы білуге құмар барлық компаниялардың басын қосады. Бұл ауқымды шарада Қазақстан, Ресей, Белоруссия және басқа да Орта Азия елдері бизнес-қауымдастығының 800 өкілі қатысты.

Алматыдағы SAP Форумның пленарлық сессиясында Қазақстанда 2013 жылы SAP бизнес-шешімдерін қабылдауда ерекшеленген жобаларды марапаттау шарасы өтті. ТМД елдері аумағында қаржы министрлігінде ірі кешендік шешім енгізгені үшін ҚР қаржы министрлігі; ТМД аумағында тұңғыш рет мемлекеттік секторда стратегиялық басқару бойынша шешімдерді сәтті енгізгені үшін "Центр Электронной коммерции" компаниясы; SAP ERP жылдам әрі сәтті енгізгені үшін "Петрочайна Интернешнл Казахстан" компаниясы, инновацияға ұмтылысы үшін "КазТрансОйл" компаниясы, орта көлемдегі компаниялар арасында бизнес-процесттерді SAP тұғырнамасында максималды деңгейді автоматтандырғаны үшін "EurasiaGroup Kazakhstan" ЖШС және SAP ERP қолдана отырып басқару процесстерін автоматтандыру ісіндегі кешенді және кәсіби тәсілдемесі үшін Атырау мұнай өңдеу зауыты марапатталды.

"Мұнай-газ өнеркәсібі үшін үздік тәжірибе мен технологиялардың синергиясы» сессиясында «Атырау мұнай өңдеу зауыты үлгісінде мұнай өңдеу саласында SAP ERP сәтті енгізудің тәжірибелік аспектілері» тақырыбында «АМӨЗ» ЖШС SAP және ЖБҚ енгізу және қолдау тобының бастығы Эльмира Орынбасарова презентация жасады.

Эльмира Орынбасарова өз сөзінде :" Бұл зауыт үшін лайықты марапат. SAP бағдарламасын зауытта 200 маман қолданады. 2012 жылдан бастан күн сайын бұл бағдарламада қоймашылар, цех экономистері, МТҚБ экономистері, сату бөлімі, қазынашылық мамандары, есепшілер, тиеу бойынша операторлар, заңгерлер жұмыс жасайды. Солардың еңбегінің арқасында бұл бағдарлама өз тиімділігін көрсетті. Екі жыл бойына бұл мамандар "j Janet" және "SAP" бағдарламаларында қатар жұмыс жасап, 2014 жылы SAP-қа көшті. Олар ауқымды іс тындырды, сондықтан да, Ескерткіш белгісі – ұжымның марапаты».

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу