Осы мақсатта ағымдағы жылдың наурыз айында 12, 986 мың тонна, сәуір айында 38,0 мың тонна дизель отыны жөнелтілді. Ал мамыр айында жөнелтілуі тиіс дизель отынының көлемі 26,0 мың тоннаны құрайды. Отынды жеткізу тапсырыстар негізінде «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Петролеум Оперейтинг», ЖШС «Petrosun» ЖШС-мен жүзеге асырылуда.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты»ЖШС өндіретін ауыл шаруашылығы өнімін шығарушыларға арналған дизель отынының құрамында 2014 жылдың наурызынан бастап қызыл түсті «Dyeguarg Red Ck» сұйық бояу бар. Бояу егін егу және жинау жұмыстарына арналған дизель отынын идентификациялау және мақсатты мұнай өнімінің жалпы қолданыстағы жанар-жағай май бекеттеріне түсуін болдырмау үшін қолданылады.
Назад к списку новостей